Стоматология қызметтері
Қазығұл мекемесінде дәрігер - стоматолог ЖАКЕНБАЕВА ГУЛЬМИРА НУРГАЗИНОВНА
Санаты - жоғары
Еңбек өтілі - 28 жыл
Қабылдау уақыты: 08:00-17:30
2 қабат 205 кабинет
МӘМС аясында тегін стоматологиялық қызметпен шұғыл жағдайларда келесі санаттар қамтамасыз етіледі:
18 жасқа дейінгі балалар
жүкті әйелдер
ҰОС ардагерлері
мүгедектер
зейнеткерлер
көпбалалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері)
атаулы әлеуметтік көмек алушылар
әлеуметтік маңызы бар дертке немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруға шалдыққан науқастар.
Ал егер жоспарлы емдеу болса, МӘМС бойынша тегін стоматология жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларды ғана қамтиды.
Науқастардың барлық басқа санаты үшін стоматологиялық қызмет ақылы болады.
Жоспарлы түрде келесі ем түрлері ұсынылады:
тістің ауырғанын басу
пломба салу
терапиялық қабылдау
пульпитті емдеу
периодонтитті емдеу
гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық қалпына келтіру
тіс жұлатын хирургиялық әдістер
ерін және тіл жүгеншіктеріне пластикалық ота жүргізу
жақ рентгенографиясы және анестезия